Ресей Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүше болуын қолдайды
Қаң 19, 2020 12:49 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі сенбі күні: "Мәскеу Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүше болуын қолдайды",-деп мәлімдеді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров Үндістан астанасы Нью-Делиде қазір Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушысы екенін айтып: "Ресей мен осы ұйымға мүше елдер Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болу туралы ұсынысын қолдайды",-деді.
Ресей – биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезеңдік төрағасы, сондықтан шілде айында бұл ұйымның жылдық отырысын өткізеді.