CNN:11 америкалық сарбаз ауыр жарақат алды
8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы базасына зымыранмен шабуыл жасады. Иран "Ейн ул-Асад" базасын 13 зымыранмен нысанаға алды. Бұл шабуылдар АҚШ-тың генерал Касем Солейманиді өлтіргенінің қарымын қайтару үшін жасалды.
Алдымен АҚШ бұл шабуылда ешқандай шығын болмағанын айтты. Дональд Трамп: "Иран режимінің өткен түнде жасаған шабуылында ешбір америкалық зарар көрген жоқ. Бізге шығын келмеді. Біздің барлық сарбаздарымыз аман. Әскери базаға аз ғана материалдық шығын келтірілді",-деді.
Бірақ қазір 11 америкалық сарбаздың ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Мәліметтер бойынша, олар АҚШ-тың Германия мен Кувейттегі базаларына тасымалданды. "Кейбір тұрғыдан барлау мәліметтерін бақылау қажет сияқты, сонда Трампқа кері шегінуге мұрсат беріліп, жағдайдың тез ушықпауына себеп болады. Алайда біз бірнеше күн бұрын CNN арнасының репортаждарынан базаға келтірілген шығынның ауқымды екенін көрдік". Батыс ақпарат құралдарының мәліметтеріне керісінше, бұл база қатты қираған.