Берлин конференциясы қарсыласушы тараптарды қолдамауға келісумен аяқталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45171-Берлин_конференциясы_қарсыласушы_тараптарды_қолдамауға_келісумен_аяқталды
Ливияға қатысты Берлин конференциясы жексенбі күні кешке қарсыласушы тараптарды қолдамауға келісумен аяқталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 20, 2020 17:13 Asia/Almaty
  • Берлин конференциясы қарсыласушы тараптарды қолдамауға келісумен аяқталды

Ливияға қатысты Берлин конференциясы жексенбі күні кешке қарсыласушы тараптарды қолдамауға келісумен аяқталды.


 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Германия канцлері Ангела Меркель Ливияға қатысты Берлин конференциясында: "Конференцияға қатысушылар Ливия дағдарысын шешудің жан-жақты жобасын жасауға және сол елде атысты тоқтату бітімін бақылау механизмін қалыптастыруға келісті. Берлин конференциясына қатысушылардың барлығы Ливиядағы қарсыласушы тараптардың ешқайсысын қолдамауға ұйғарды",-деді.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш алдағы екі аптада Ливияда бейбітшілік орнатуға бағытталған талпыныстарды бақылау үшін тағы бір отырыс өтенін, жақында Ливиядағы қақтығысушы тараптар саяси үдеріске қатысатынын мәлімдеді.