АҚШ сардар Кааниге қоқан лоққы жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45218-АҚШ_сардар_Кааниге_қоқан_лоққы_жасады
АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Вашингтон үкіметінің лаңкестік болмысын әшкерелейтін сөзінде шәһид сардар Солейманидің орнын басқан адамға қатысты шара туралы айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 23, 2020 18:14 Asia/Almaty
  • АҚШ сардар Кааниге қоқан лоққы жасады

АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Вашингтон үкіметінің лаңкестік болмысын әшкерелейтін сөзінде шәһид сардар Солейманидің орнын басқан адамға қатысты шара туралы айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иранға қарсы тобының басшысы Брайан Хук бейсенбі күні Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында "әл-Шарқ әл-Аусат" газетіне берген сұхбатында: "Шәһид сардар Ғасем Солейманидің орнын басқан сардар Исмаил Каани оның жолын қайталайтын болса, соған ұқсас тағдырға ұшырайды",-деді.

Хук сардар Кааниге қарсы террор жасау туралы қоқан-лоққысын жалғастыруда: "Трамп ұзақ уақыттан бері америкалықтар мен олардың мүдделеріне жасалатын кез келген шабуылға кесімді жауап берілетінін айтты. Бұл жаңа қоқан-лоққы емес",-деп дөрекі сөйледі.