Трамп сейсенбіге дейін «Ғасыр мәмілесін» жариялайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45230-Трамп_сейсенбіге_дейін_Ғасыр_мәмілесін_жариялайды
АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхумен Вашингтондағы кездесуінен бұрын «Ғасыр мәмілесін» жариялайтынын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 24, 2020 14:50 Asia/Almaty
  • Трамп сейсенбіге дейін «Ғасыр мәмілесін» жариялайды

АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхумен Вашингтондағы кездесуінен бұрын «Ғасыр мәмілесін» жариялайтынын хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп сейсенбіде Ақ үйде Бениямин Нетаньяху мен сионистік режимнің «Кахоль-Лаван» блогының басшысы Бенни Ганцпен кездеседі. Трамп: «Палестиналықтар басында бұл жобаға теріс реакция көрсетуі мүмкін. Алайда бұл жоба Палестина халқының мүддесіне»,- деді.

Сионистік режимнің 12-ші телеарнасы да: «Бұл жоба Құдс қаласының бүкіл аймағындағы  Израиль режимінің билігі мен Йордан өзенінің батыс жағалауындағы бүкіл қалашықтардың басып алынған жерлерге қосылуын ресми таниды»,- деп хабарлады.

«Ғасыр мәмілесі» – Палестина халқының құқықтарын жоятын АҚШ үкіметінің жаңа жобасы. Бұл жоба кейбір араб мемлекеттерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Бахрейн мен Біріккен Араб Әмірлігінің келісімімен дайындалды.