АҚШ-тағы атыстарда 71 адам қаза тауып, жараланды
АҚШ-тағы қарулы қатігездіктер статистикасын тіркеу орталығы өткен 24 сағаттағы атыстарда 71 адамның қаза тауып, жараланғанын хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тағы қарулы қатігездіктер статистикасын тіркеу орталығы жексенбі күні өткен 24 сағатта бұл елдің әртүрлі штаттарында болған 62 атыс оқиғасында кемінде 20 адам қаза тауып, 51 адам жараланды.
Атыстар Теннесси, Миссури, Алабама, Аризона, Флорида және Арканзас штаттарында орын алды.
Бұл есеп бойынша, өткен 48 сағатта АҚШ-тың әртүрлі штаттарында 169 атыс оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 58 адам қаза тауып, 119 адам жараланды.
Жылына АҚШ-тың әртүрлі өңірінде атыс салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, жараланады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп – америкалық қару иелерінің негізгі қолдаушыларының бірі.