Иранның каратэ командасы Францияда өткен премьер-лигада үшінші орын алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45267-Иранның_каратэ_командасы_Францияда_өткен_премьер_лигада_үшінші_орын_алды
Иранның каратэ командасы "Karate One-2020" премьер-лигасының бірінші кезеңінде үшінші орынға ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 27, 2020 15:36 Asia/Almaty
  • Иранның каратэ командасы Францияда өткен премьер-лигада үшінші орын алды

Иранның каратэ командасы "Karate One-2020" премьер-лигасының бірінші кезеңінде үшінші орынға ие болды.

"Karate One-2020" премьер-лигасы жұма күні, 24 қаңтарда 92 елден келген 703 каратистің қатысуымен Францияның астанасы Париж қаласында басталып, жексенбі күні аяқталды.  

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Karate One-2020 премьер-лигасының алғашқы кезеңінің соңында Иран командасы 2 алтын, 1 қола алып, Түркия мен Испания командаларынан кейін үшінші орынға ие болды.

Бұл жарыста Иранның каратистері Хамида Аббасәли (68 кг) мен Бахман Асгяри (75 кг) алтын алса, Салех Абазари (84 кг) қола жүлдеге ие болды.