АҚШ-тың Калифорния штатында бір тікұшақ құлады
Қаң 27, 2020 17:13 Asia/Almaty
Америкалық ақпарат құралдары жексенбі күні таңертең Калифорния штатының Калабасас қаласында бір тікұшақтың құлағанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, америкалық ақпарат құралдары тікұшақтың АҚШ-тың танымал баскетболисті Коби Брайантқа тиесілі екенін хабарлады.
АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, Коби Брайант пен тағы басқа 4 адам осы апатта қаза тапты.
Калифорния полициясы тікұшақ апатының себептерін тексеріп жатыр.