YouTube Press TV-дің парақшасын жапты
АҚШ-тың Google компаниясына қарасты YouTube сайты сөз бостандығына қайшы әрекет жасап, Press TV-дің парақшасын жапты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Times британдық газеті сәрсенбі күні: "YouTube Press TV-дің Ұлыбританиядағы парақшасын сионистік режимге қарсы материалдар жариялағаны үшін өшіріп тастады",-деп мәлімдеді.
Times газетінің хабарлауынша, YouTube-та мыңдаған видео жариялап, 28000 қолданушысы бар Press TV UK каналы Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы Ғасем Солеймани АҚШ-тың лаңкес үкіметі тарапынан өлтірілгенінен бірнеше күн өткен соң бұғатталып, артынан өшірілді.
Басқа америкалық әлеуметтік желілер, соның ішінде Инстаграм да соңғы апталарда қолданушылардың сардар Солейманидің суреттері жарияланған посттарын өшіре бастады.
Жуырда бұл әлеуметтік желілер мен сайттардың АҚШ пен сионистік режимнің барлау ұйымдарымен әріптестік жасайтыны туралы ақпарат таралды.