Иранның зымырандық шабуылы салдарынан америкалық 64 әскеридің миы шайқалды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45326-Иранның_зымырандық_шабуылы_салдарынан_америкалық_64_әскеридің_миы_шайқалды
CNN арнасы бейсенбі кешке Ирактың батысындағы әл-Анбар облысындағы америкалық Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылда жарақат алғандардың санының артып, 64 адамға жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 31, 2020 14:39 Asia/Almaty
  • Иранның зымырандық шабуылы салдарынан америкалық 64 әскеридің миы шайқалды

CNN арнасы бейсенбі кешке Ирактың батысындағы әл-Анбар облысындағы америкалық Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылда жарақат алғандардың санының артып, 64 адамға жеткенін хабарлады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, CNN арнасы америкалық екі қайраткердің сөзіне сілтеме жасап, Иранның Ейн әл-Асад базасына жасаған шабуылы салдарынан кемінде 64 әскеридін миы шайқалғанын жариялады. Пентагон бұдын бұрын Иранның зымырандық шабуылынан  америкалық 50 әскеридің миы шайқалғанын хабарлаған.

АҚШ басшылары, атап айтқанда Президенті Дональд Трамп, Қорғаныс министрі Марк Эспер мен Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның Ейн әл-Асад базасына жасаған шабуылынан кейін бұл шабуылда ешбір америкалықтың өлмегені және жарақат алмағаны жөнінде уәжденген болатын. Бірақ Пентагон сол күннен бері біртіндеп америкалық әскерилердің жараланғандарын қабылдап, жарақат алғандардың санын арттырып келеді.