Иранның атом өнеркәсібі АҚШ-тың санкцияларынан өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45329-Иранның_атом_өнеркәсібі_АҚШ_тың_санкцияларынан_өтті
АҚШ Қаржы министрлігі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық және заңсыз саясаттарының жалғасында бейсенбі күні ИИР Атом ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһиді санкциялар тізіміне енгізді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 31, 2020 17:12 Asia/Almaty
  • Иранның атом өнеркәсібі АҚШ-тың санкцияларынан өтті

АҚШ Қаржы министрлігі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық және заңсыз саясаттарының жалғасында бейсенбі күні ИИР Атом ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһиді санкциялар тізіміне енгізді.

 

 

АҚШ  Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қарсы әрекет тобының басшысы Брайн Хук бейсенбі күні Иран Атом  қуаты ұйымының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы бұл елдің міндеттемелерін бұзуда маңызды рөл атқарғаны жөнінде уәжденіп: «Иран Атом қуаты ұйымының басшысының өзі уран байыту мүмкіндігін арттыру үшін заманауи центрифугаларды орнатуға қатысты»,- деді.  Иран Атом ұйымының баспасөз хатшысы Беһруз Камалванди бұл ұйымға қарсы санкция салу мен Брайн Хуктің сөзіне реакция білдіріп, Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасының елдің қажеттіліктеріне сай жалғасатынын қуаттады. Ақ үйдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан кейінгі АҚШ-тың Иранға қарсы мейілінше қысым көрсету саясаты мен санкцияны құрал ретінде пайдалануы олардың өз мақсаттарына жетуді көздеді. Іс жүзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоюды көздеген Дональд Трамп үкіметі бірінші қадамында 2018 жылдың мамыр айында өз мүдделерін қамтамасыз етуді көздеп, халықаралық келісімнен шықты. Трамп үкіметі екінші қадамында Иранды келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеу үшін Иранға қарсы әртүрлі салалардағы санкция салды. Бұл қадам іс жүзінде сәтсіздікке ұшырады. Иран санкцияларға қарамастан бейбіт мақсатты ядролық жұмыстарын жалғастырып, бұл стратегиялық өнеркәсіпті жергіліктендірді.

Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласында бес қадам жасап, соңғы қадамында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бүкіл шектеуін шетке қойды. Бүгінде Иран ешбір шектеу мен тыйымсыз өзінің бейбіт мақсатты ядролық өнеркәсібін алға ілгерілетіп, қажеттіліктеріне сай уран байытумен айналысады. Трамп үкіметі екі қадамы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін үшінші қадамында еуропалықтарға қоқан-лоққы көрсетті. Содан соң үш еуропалық мемлекет Трамп ойлаған келісімге жол ашу үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты. Трамп үкіметінің Еуропа ойлаған келісімге келу талпыныстары қиялдан басқа ешнәрсе емес. Өйткені ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөнінде жаңа келіссөз жүргізбейді. Трамп Иранға тиесілі өз мақсаттарына жету үшін мейлінше қысым көрсету саясатын жалғастыруымен бірге санкцияны құрал ретінде пайдалануда. Иран Атом ұйымы басшысына санкция салуды дәл осы тұрғыдан қарастыруға болады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі Иранның өзінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету үшін жаңа ойынға енбейтінін, сондай-ақ АҚШ-тың саяси-экономикалық қысымдарының Иранның бейбіт мақсатты ядролық жұмыстарын алға ілгерілету ерік-жігеріне әсер етпейтінін көрсетті.