"Ғасыр мәмілесі" – тарих қоқысына тасталатын жоба
АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен аптада Палестина мен Израиль қайшылығын доғару мақсатында "Ғасыр мәмілесі" атты жаңа жобаның тұсауын кесті. Көптеген сарапшылардың сенімінше, бұл жоба да бұған дейінгі басқа жобалар сияқты белгісіз бір себептермен жеңіліс табады.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы сенбі күні өз мәлімдемесінде "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық-сионистік жобаның таныстырылуын айыптап: "Бұл жоба жеңіліс тауып, тарих қоқысына тасталады",-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің "Палестина интифазасын қолдау" халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы өз мәлімдемесінде: "Трамптың "Ғасыр қиянаты" жобасы АҚШ-тың Палестина халқы мен ислам үмбетіне қарсы бұрынғы қастандықтары сияқты тарихтың қоқысына тасталатын болады",-деді.
"Ғасыр мәмілесі" жобасында саяси-экономикалық және тарихи салалар қамтылған. Әрине ол Палестина халқының тарихи құқығы, ұлттық болмысы мен жер иесі екенін ұмыттыру мақсатында жобаланған.
Газа секторындағы саяси зерттеулер орталығының директоры әрі заңгер Салах Абдулата: "Ғасыр мәмілесінің" түпкі мақсаты – Иордан өзенінің батыс жағалауын біртіндеп Израильге (басып алынған жерлерге) қосып алу, Газа секторын қоршауға алу және оны Палестина жерінің басқа бөліктерінен бөліп алу, Палестина автономдық құрылымы мен ұлттық топтарға осы жобаны қабылдату үшін қысым жасау",-деді.
Тарихи деректер мен тәжірибелер көрсеткендей, Палестина халқының шынайы талап-тілегі мен ерік-жігерін назарға алмаған ешбір жоба орындалмайды. Бұл куәлердің арасында аталмыш жобаның жеңіліс табатынын көрсететін екі жайт бар:
Бірінші жайт – жобаның Палестина халқының құқығын аяқ асты етуі. Шын мәнінде Палестина халқы – осы мәселенің негізгі тарабы.
Жобаны дайындаушылар есептеу тұрғысынан үлкен қателік жасады. Олар Палестина халқының қастандықтармен күресудегі және дұшпандардың мақсаттарын сәтсіздікке ұшыратудағы табандылығы мен қайсарлығын естен шығарып алған.
Екінші жайт – бұл жоба баптарының БҰҰ-ның Палестина мәселесіне қатысты қарарлары мен халықаралық заңдарға қайшы болуы.
Қайта оралу құқығы, Палестина жерінің шынайы тұрғындарының дауысы негізінде тағдырды анықтау – Палестина халқы құқықтарының ен негізгі тармақтары. Сондықтан Палестина жерінің шынайы иелері қабылдамайтын жайттарға басқа ешбір тарап заңдылық бере алмайды.
Аймақ тарихы бұл үдерістегі қалтқысыз шындықтарды көрсетеді. "Роджерс бейбіт жобасы", "1970-1972 жылдардағы Садаттың бастама жобасы", "Мадрид конференциясы", "Осло келісімі", "Кэмп-Дэвид келіссөздері", "Бейбітшілік жол картасы", "Шарм ул-Шейх саммиты", "Анаполис конференциясы" және басқа да жобалар Палестина мәселесін шешу үшін дайындалған, бірақ жеңіліс тауып, архивке жіберілген.
Бұл жобалар палестиналықтардың құқықтарын назарға алмағандықтан сәтсіздікке ұшырады. "Ғасыр мәмілесі" де жеңіліс табады, өйткені палестиналықтардың құқықтарын ресми түрде танымайды.