Екі ирандық студент АҚШ үкіметінің әрекетіне шағымданды
(last modified Tue, 04 Feb 2020 12:29:36 GMT )
Ақп 04, 2020 18:29 Asia/Almaty
  • Екі ирандық студент АҚШ үкіметінің әрекетіне шағымданды

АҚШ үкіметі бұл елге енуге кедергі жасаған екі ирандық студент жеке шағымдарын түсірді.

 

«Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік-Батыс университетінің (Northwestern University) студенті Шахаб Дехқани мен Гарвард университетінде (Harvard University) сабағын бастауды жоспарланған Рейхане Эмами АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігіне шағымдарын түсіріп, Бостондағы "Логан" халықаралық әуежайында оларға азап көрсетіліп,    АҚШ үкіметі заңсыз түрде олардың бұл елге кіруіне рұқсат етпегенін мәлімдеді. Бұл екі студент АҚШ федералалдық басшыларының әуежайында оларды бірнеше сағат тергеп, соңында олардың Америкада визасының жарамды мерзімінен артық уақыт қалғылары келетіндері туралы уәжденгендерін хабарлады. Негізінде Дехқани мен Эмами АҚШ-та визасының уақыты аяқталған соң қалуды көздемеген. Федералдық шенеуніктер өз уәждерін дәлелдеуден бас тартты.

 

Тегтер