Қазақстан Doing Business рейтингінде 25 орынға иеленді
Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, бұл банктің соңғы Doing Business («Бизнесс жүргізу») рейтингінде Қазақстан әлемнің 190 елінің ішінде 25-ші орында тұрақтанды.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай сейсенбі күні Қазвин қаласына жасаған біркүндік сапары және бұл облыстың сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық палатасының бірнеше өндірісін аралап: «Қазвин - өнеркәсіп, ауылшаруашылық және туризм тұрғыларынан Иранның дамыған облыстарының бірі. Біз бұл облыстың әлеуеттеріне назар аударып, Иранның бұл аймағымен ынтымақтастығымызды кеңейткіміз келеді»,- деді. Оразбай Қазақстанды Еуразия аймағында орналасқан бес елдің арасындағы күш-қуатты ел деп атап: «Иран өнімдерінің көбінің, олардың ішінде Қазвин өнімдерінің біздің елде сұранысы бар. Сондай-ақ біздің ел арқылы бұл өнімдерді әлемнің басқа аймақтарына экспорттау жағдай жасалған. Бірақ біз алдымен ирандық тауарларды Қазақстанға ұсынуымыз керек»,- деп қосты.