Стамбұл әуежайында ұшақ апатынан 3 адам қаза тауып, 179 адам жарақаттанды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45412-Стамбұл_әуежайында_ұшақ_апатынан_3_адам_қаза_тауып_179_адам_жарақаттанды
Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа сәрсенбі күні кешке: "Стамбұлдың "Сабиха Гөкчен" халықаралық әуежайында Pegasus Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағының ұшу алабынан шығып кету салдарынан 3 адам қаза тауып, 179 адам жарақаттанды",-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 06, 2020 15:11 Asia/Almaty

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа сәрсенбі күні кешке: "Стамбұлдың "Сабиха Гөкчен" халықаралық әуежайында Pegasus Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағының ұшу алабынан шығып кету салдарынан 3 адам қаза тауып, 179 адам жарақаттанды",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұдан бұрын Түркия облысының әкімі Әли Ирликая ұшақ апатында қаза тапқандар болмағанын, 120 адамның емделу үшін Стамбұл ауруханаларына тасымалданғанын хабарлаған болатын.

Pegasus Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағы Измирден Стамбұлға бет алып, сәрсенбі күні кешке "Сабиха Гөкчен" әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады.

Осы оқиғадан кейін Түркия әуе компаниясы "Сабиха Гөкчен" әуежайына келетін және одан шығатын барлық рейстерді тоқтатты.

Түркия ақпарат құралдары апаттың ауыр болғаны соншалықты, ұшақтың үшке бөлініп қалғанын хабарлады.