Мусави: Америкалықтар дәрі-дәрмек саласында банкаралық қатынас жолын жапты
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "АҚШ Иранның дәрі-дәрмек саласында банктермен қатынас жолдарын жапты",-деп мәлімдеді.
Сейіт Аббас Мусави Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың дәрі-дәрмек пен азық-түлікке санкция салмағаны туралы уәждеріне тоқталып: "Америкалықтар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін гуманитарлық желі іске қосу арқылы бұл уәждердің бос сөз және Халықаралық әділет сотының (ICJ) үкіміне қайшы болғанын ресми түрде растады. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік қазір санкция астында. Ал негізі санкцияда болмауы тиіс",-деді.
Мусави бұдан бұрын Иран мен Швейцарияның гуманитарлық желісі іске қосылғанын айтып: "Теһран гуманитарлық желі ретіндегі механизмді ресми түрде қабылдамайды. Дәрі-дәрмек пен азық-түлікке ешқашан санкция салынбауы тиіс деп есептейді",-деді.