Зариф: Иран Трампты сардар Солейманиге террор жасағаны үшін сотқа тартады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45425-Зариф_Иран_Трампты_сардар_Солейманиге_террор_жасағаны_үшін_сотқа_тартады
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР АҚШ Президентін халықаралық соттарда мемлекеттік және экономикалық лаңкестік жасады деген айыппен жауапкершілікке тартады», деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 07, 2020 12:32 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Трампты сардар Солейманиге террор жасағаны үшін сотқа тартады

Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР АҚШ Президентін халықаралық соттарда мемлекеттік және экономикалық лаңкестік жасады деген айыппен жауапкершілікке тартады», деді.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Al‑Mayadeen арнасына берген арнайы сұхбатында: «АҚШ Президенті Дональд Трамп Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді өлтіру арқылы АҚШ күштерінің аймақтағы қызметін тоқтатты»,‑деп баса айтты.

Зариф: «Шәһид Солейманиді ақтық сапарға шығарып салуға миллиондаған адамның қатысуы АҚШ үкіметіне ауыр соққы болды. Оның әсері АҚШ күштері Батыс Азиядан шыққанға дейін жалғаса береді»,‑деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Әскери қолбасшыға астыртын террор жасаудың орнына, онымен соғыс майданында бетпе‑бет кездесуі керек еді. Жалпы АҚШ мен сионистік режим әрдайым астыртын әрекет етеді»,‑деді.

Зариф, сондай‑ақ: «АҚШ үкіметі «Ғасыр мәмілесі» жобасын таныстыру арқылы тарих бойында оның мансапқорлығы сионистердің мансапқорлығынан әлдеқайда артық екенін көрсетті. Олар ешбір мәселені шешуде араағайын бола алмайды»,‑деді.