Қытай коронавирустан есеңгіреп қалды
Ақп 09, 2020 10:57 Asia/Almaty
Қытайдың денсаулық сақтау комиссиясы жексенбі күні таңертең: «Коронавирус жұқтырған тағы 78 адам қаза тауып, жалпы көз жұмғандар саны 800-ге жетті», деп хабарлады. Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында алғаш рет Қытайдың Хубэй облысының Ухань қаласында пайда болған коронавирус бұл елдің 30 облысында жайылумен қоса, қазір әлемнің 18 еліне таралды.
















