Ауғанстанның шығысында 8 америкалық сарбаз қаза тапты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45454-Ауғанстанның_шығысында_8_америкалық_сарбаз_қаза_тапты
Жергілікті ақпарат көздері кеше кешке Ауғанстанның шығысында болған қақтығыста 8 америкалық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 09, 2020 13:30 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның шығысында 8 америкалық сарбаз қаза тапты

Жергілікті ақпарат көздері кеше кешке Ауғанстанның шығысында болған қақтығыста 8 америкалық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нангархар уәлаятындағы Ширзад ауданының жергілікті ақпарат көздері ауған мергеннің тікелей оқ жаудыруы салдарынан АҚШ күштерінің 8 сарбазы өлтірілгенін хабарлады.

Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы бірнеше сағат бұрын осы елдің шығысындағы америкалық күштерге жасалған шабуылда бірқатар сарбаздың қаза тапқанын растады.

АҚШ-тың NBC News телеарнасы да өз ақпарат сайтында америкалық әскери қайраткерлерге сілтеме жасап, Ауғанстанның шығысында америкалық сарбаздардың қаза тапқанын растады, бірақ олардың санын жарияламады.