Велаяти: АҚШ тың аймақтағы ғұмыры аяқталды
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Сүлеймани қанының арқасында қазір америкалықтардың Батыс Азия аймағында болу кезеңі аяқталды», деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Велаяти сенбі күні кешке Құмда шәһид Сүлейманиді еске алу рәсімінде: «Америкалықтар сардар Сүлейманиді өлтіру арқылы қарсыласу қозғалысын әлсіретеміз деп ойлады, бірақ Иран, Сирия, Ирак, Ливан мен Палестинадағы қарсыласу қозғалысының күш‑қуаты одан ары нығая түсті»,‑деді.
Велаяти америкалықтардың сардар Сүлейманиге қастандық жасауын олардың ақымақтығының шегі деп атап: «Америкалықтардың бұл қылмысы олардың есептеуде тағы қателескенін көрсетті»,‑деді.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі, сондай‑ақ, «Ғасыр мәмілесі» атты сұрқия жобаның барлық Палестиналық топтардың бірігуіне себеп болатынын айтты.