Иранның Еуразия одағымен сауда көлемі 1 млрд доллардан асты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45461-Иранның_Еуразия_одағымен_сауда_көлемі_1_млрд_доллардан_асты
Иран Кеден басқармасының халықаралық істер бөлімінің басшысы: "2019 жылы 27 қазанда Иран мен Еуразия одағының преференциялық сауда келісімі күшіне енгелі бері осы одақпен сыртқы сауда көлемі 1 млрд доллардан асты",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 09, 2020 18:02 Asia/Almaty
  • Иранның Еуразия одағымен сауда көлемі 1 млрд доллардан асты

Иран Кеден басқармасының халықаралық істер бөлімінің басшысы: "2019 жылы 27 қазанда Иран мен Еуразия одағының преференциялық сауда келісімі күшіне енгелі бері осы одақпен сыртқы сауда көлемі 1 млрд доллардан асты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Кахаки жексенбі күні Теһранда "Экспорт. Транзит. Еуразия" атты форумда Еуразия экономикалық одағының жарқын болашағы барына тоқталып: "Үндістан сияқты кейбір елдер осы одаққа қосылу туралы келіссөздер бастады",-деді.

Кахаки Иран мен Еуразия одағының преференциялық сауда келісіміндегі кеденнің рөліне тоқталып: "Келісімнің әртүрлі тармақтары Иран кеденіне тікелей баға, тариф пен декларация сұрауға рұқсат береді",-деді.