Француз фотографының Ислам революциясы туралы суреттері
Ақп 10, 2020 13:30 Asia/Almaty
"Фаджр" онкүндігіне орай Киш еркін аймағы басқармасы мен Ислам революциясы және Қасиетті қорғаныс фотографтары клубының ұйымдастыруымен осы аралдың "Мираж" қонақ үйінде француз фоторграфы Мишель Сетбунның 27 суреті көрмеге қойылды.
Мишель Сетбун – тегі алжирлік француз фотографы. Оқуын архитектура саласында бітірген. Фотосуретке түсіруді 1978 жылы бастаған бұл француз өнерпаз Иран Ислам революциясында болған оқиғаларды түсіруімен танымал болды.