АҚШ сайлауында миллиардерлердің үстемдік етуіне алаңдаушылықтар артты
(last modified Mon, 10 Feb 2020 14:58:13 GMT )
Ақп 10, 2020 20:58 Asia/Almaty
  • АҚШ сайлауында миллиардерлердің үстемдік етуіне алаңдаушылықтар артты

Соңғы жылдарда сайлау науқанындағы үгіт-насихаттарға орасан зор қаражат жұмсалып, кейбір миллиардерлердің АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысуына байланысты ақшаның үстемдігі азаматтардың дауыс беруіне теріс әсер етіп, шын мәнінде сайлаудың нәтижесін сатып алу ықтималына қатысты алаңдаушылықтардың артуына себеп болды.

Вермонт штатының сенаторы әрі 2020 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға үміткер Берни Сандерс Twitter-дегі жеке парақшасында: "Елдегі сайлау науқанын қаржылай қамтамасыз ету жүйесі миллиардерлер мен өз мүдделерін көздейтін топтар тарапынан басқарылады. Біз олигархтарға апаратын үдеріспен күресуіміз керек. Біздің демократиямыздың болашағына қатер төніп тұр",-деп жазды.

АҚШ-тағы қазіргі сайлау үдерісін ескере отырып, Сандерстің ескертуін түсінуге болады. 2016 жылғы президенттік сайлауда Дональд Трамп бір миллиардер әрі сауда саласынан саясат әлеміне, сайлау науқанына енген кезде президенттік сайлаудағы басты түйткіл мен алаңдаушылық мынау болды: сайлау америкалық миллиардерлердің үміткерлерге ашық және жасырын түрде қолдау көрсетіп, ықпал жүргізетін жеріне айналды. Оған дейін миллиардерлердің өздері сайлау науқанына қатыспаған еді, бірақ сахна сыртында олардың мүдделерін қорғауға уәде берген үміткерлерді қолдау арқылы сайлау үдерісін басқаруда маңызды рөл ойнайтын.

2016 жылғы президенттік сайлау да осындай аяда өтті, бірақ оның өткен сайлаулардан бір ерекшелігі болды: республикашылдардың үміткері Дональд Трамптың өзі миллиардерлердің бірі еді. Ол бұған дейін сахна сыртында АҚШ-тағы сайлауға ықпал етуге тырысқан. Алайда Трамп сайлаудан бұрын және сайлау науқаны кезінде сан рет айтқан өз идеяларын, соның ішінде "Алдымен АҚШ" деген ұранын орындау мақсатында сайлауға түсіп, нақты сайлау стратегиясы мен өз ақшасының арқасында АҚШ халқының дауысын жинай алды. Трамптың ең маңызды достары мен қолдаушыларының бірі танымал еврей инвестор Шелдон Адельсон осы сайлауда консерваторлар фракциясында оны жан-жақты қолдауды өз міндетіне алды. Демократтар фракциясында да Том Стейер, Джордж Сорос және танымал ньюйорктік миллиардер Майкл Блумберг сияқты танымал капиталистер бар еді. Олар демократтардың үміткері Хилари Клинтонның сайлау штабын қаржымен қамтамасыз етті. Осылайша президенттік сайлау саяси салаға тікелей араласқысы келетін миллиардерлердің бәсекелесетін алаңына айналды.

2020 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға АҚШ-тың миллиардер Президенті Трамппен қоса, демократтар арасынан Bloomberg ақпарат агенттігінің иесі Майкл Блумберг қатысады. Шамамен 58 мрлд доллар байлығы бар Блумберг 2019 жылдың қараша айында демократтардың партияішілік сайлау бәсекелесіне қатысатынын жариялады. Соның нәтижесінде президенттік сайлауға демократтар атынан шығатын үміткер анықталады. Бұдан бұрын Нью-Йорк қаласының әкімі болған Майкл Блумберг саяси салада да жақсы жұмыс істей алатынын көрсетті. Ол "Егер Трамп өз байлығына сүйеніп, Стив Бэннен сияқты стратегтерді пайдалану арқылы жоспарлы түрде 2016 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жете алса, мен де 2020 жылғы сайлауда жақсы нәтижеге жете аламын" деп отыр.

Тегтер