Ресейдің Қорғаныс министрлігі Түркияның Сирияның ішкі ісіне араласқанына реакция білдірді
Ресейдің Қорғаныс министрлігі: "Түркияның өз міндеттемелеріне берік болмауы Сирияның Идлиб облысында дағдарыстың туындауына әкеліп соқтырды",-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні бір мәлімдемесінде Түркиядан Сирияның Идлиб аймағындағы лаңкестер үшін қару-жарақтар жіберілгеніне тоқталып: "Идлибтегі дағдарысты жағдай лаңкестердің шабуылы салдарынан көршілес аудандарға таралып кетті",-деп мәлімдеді.
Осы мәлімдемеде: "Идлибтегі лаңкестерге сырттан қолдау көрсетілуде. Түркия мен Сирияның шекарасы арқылы Идлиб аймағына қару-жарақтар мен оқ-дәрілер тасымалданады",-делінген.
Сирияның Идлиб аймағындағы жағдай соңғы апталарда лаңкестердің шабуылдары салдарынан елдің басқа жерлеріне таралды.
Түркияның Сирия жерінде заңға қайшы әскери құрал-жабдықтарының болғанына және Идлиб облысында Анкараның қолдауына ие лаңкестердің атысты тоқтату бітімін талай рет бұзғанына қарамастан, Сирия армиясы да кейінгі кезде облыста ілгерілеп, оның жартысынан көбін лаңкестік топтардың қолынан босатты.