"Ғасыр мәмілесі" – АҚШ-тың ұзаққа созылған екіжүзділігінің соңы
"Ғасыр мәмілесі" – АҚШ-тың Палестина мәселесіне қатысты өткен 70 жылдағы екіжүзділігінің соңы.
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи дүйсенбі кешке жарық көрген аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтайтын және тарататын кеңсеге берген сұхбатында: "Палестинаға қарсы "Ғасыр мәмілесі" жобасы нәтижеге жетпейді. Бұл жоба Палестина халқы мен мұсылмандардың басқыншы сионистерге қарсы қарсыласуын нығайтып, бітімге келгісі келетіндерді сылтаудан айырады",- деді. Тахтраванчи америкалықтардың сионистерге жасырын түрде жанжақты қолдау көрсету талпыныстары мен өзін екі жақтың арағайыны ретінде таныстыруына тоқталып: "Аймақтағы АҚШ-қа тәуелділердің кейбіреулері бұл жобаға сеніп, Вашингтон ұсынған жолдарға үміттенді",- деп қосты.
Аятолла Хаменеи Ислам революциясы жеңісінің қарсанында сөйлеген сөзінде Палестина мәселесінің шешілетін жолын ИИР-мен жарияланған әрі тіркелген, яғни Палестина халқының референдумы деп тауып: "Палестина мәселесін шешетін бейбітшіл жол - бұл елдің мұсылман, христиан және еврей халқының референдумы. Олар Палестинаның түпкір-түпкіріндегі өздері қалайтын жүйе, нетаньяху мен басқалар жөнінде өз дауысымен шешім қабылдаулары керек",- деді.
"Ғасыр мәмілесі" жобасының мақсаты қарсыласу ағымды жою, аймақтың саяси географиясында стратегиялық өзгерістер енгізу және аймақтың саяси теңгерімін палестиналық қарсыласу ағымына қарсы АҚШ-Сауд Арабиясы-БАӘ-сионистік коалицияны нығайту үшін өзгерту болып табылады. Кудсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау, Батыс жағалаудың 30 пайызын Израильге беру, палестиналық босқындардың өз еліне оралуына қарсы тұру және Палестинаны толық қарусыздандыру "Ғасыр мәмілесі" жобасының негізгі баптары болып табылады. Бұл жоба сионистік режим толығымен тығырыққа тірелген және АҚШ үшін Израильді тығырықтан шығаруға алдамшы жобамен аймақта саяси қайшылықтар тудырудан басқа жол қалмаған жағдайда баяндалды. Стратегиялық мәселелер сарапшысы Абдолбари Атван Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасының мақсаттары мен оны іске асыруды бастау жөнінде: «Трамп режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға сыйлық беріп, оны жаулап алынған жерлердегі заңмен қудаланудан құтқарғысы келеді»,-деді.
Трамп аталмыш жобасын жариялаудан бұрын өзінің арнайы ұшағында журналистермен сұхбатында әр мәмілені, оның ішінде "Ғасыр мәмілесін" жақсы көретіні туралы айтты. Яғни ол Палестина армандарын сауда мәмілесі сынды қарастырды. Бірақ Палестина халқы өз жерін басқыншылардан қорғау үшін осы кезге дейін ауыр соққы көрді. Бұл халық өз мақсаттарына жету үшін қастықтарға қарсы тұрады.