Лариджани: Еуроодақ ядролық келісім саласында сөзден іске көше алмады
Иран Ислам Мәжілісі Кеңесінің төрағасы жексенбі күні кешке Теһранда Аустрия Сыртқы істер министрі Александр Шаленбергпен кездесуінде Еуропа елдерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымдарын сынап: «Еуроодақтың ядролық келісім туралы сөйлеп жатқанына бір жыл болды» ,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани Еуропаның Иранмен сауда қатынасында INSTEX арнайы қаржы желісінің тиімсіздігіне тоқталып: «Ядролық келісімде Иранның экономикалық мүдделері әлі қамтамасыз етілген жоқ»,-деді.
Лариджани, сондай-ақ, Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы күштерінің қолбасшысы шәһид Қасым Солейманидің Батыс Азия аймағында ДАИШ лаңкестік тобын жеңуде маңызды рөл атқарғанын айтып: «Сардар Солейманидің талпыныстары болмағанда аймақта ДАИШ дағдарысы өршіп тұрар еді»,-деді.
Аустрия Сыртқы істер министрі осы кездесуде Теһранға сапарына ризалық білдіріп, Иранды көрікті әрі өркениетті ел деп сипаттап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап, жалғастыруға бар күшімізді салуымыз керек»,-деді.