АҚШ-тың Висконсин штатында атыс болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45689-АҚШ_тың_Висконсин_штатында_атыс_болды
АҚШ-тың Висконсин штатындағы Милуоки қаласында болған атыстан кемінде 7 адам қаза тапты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 27, 2020 12:06 Asia/Almaty

АҚШ-тың Висконсин штатындағы Милуоки қаласында болған атыстан кемінде 7 адам қаза тапты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл атыс жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні Милуоки қаласындағы бір зауытта орын алды.

Қауіпсіздік күштері атыс шығарған адамды атып өлтірді.

Шабуылдаушы адамның кім екені және атыс шығару себебі туралы ақпарат әлі жоқ.

АҚШ-та қатігездіктер, тұтқынға алулар мен қарулы шабуылдар өршіп тұр.  

АҚШ-тың әртүрлі аймақтарындағы атыстарда жылына мыңдаған адам қаза табады немесе жараланады. Ресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та шамамен 270-300 млн қару бар. Яғни бұл елде бір адамға бір қару табылады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп – америкалық қару ұстаушылардың басты демеушілерінің бірі.