Иранның жаһандық қаржы жүйесімен қатынасы FATF-тан тыс
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45693-Иранның_жаһандық_қаржы_жүйесімен_қатынасы_fatf_тан_тыс
Иран Орталық банкінің төрағасы сәрсенбі күні кешке Instagram әлеуметтік желісінде: «Иран FATF аясынан тыс жаһандық қаржы жүйесімен белгілі бір деңгейде санкцияға ұшырамайтын қатынас орната алды»,-деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 27, 2020 14:25 Asia/Almaty
  • Иранның жаһандық қаржы жүйесімен қатынасы FATF-тан тыс

Иран Орталық банкінің төрағасы сәрсенбі күні кешке Instagram әлеуметтік желісінде: «Иран FATF аясынан тыс жаһандық қаржы жүйесімен белгілі бір деңгейде санкцияға ұшырамайтын қатынас орната алды»,-деп жазды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдул Насер Хеммати Иран Орталық банкінің дұшпандардың FATF-тың шешімі негізінде Иран экономикасына соққы беріп, нарықты тұрақсыздандыру үшін тудырған психологиялық кеңістігімен күресіп жатқанына тоқталып: «ИИР-ның Орталық банкі экономиканың басқа бөлімдерінің қолдауымен Иранның сауда қажеттіліктерін жеңілдету үшін үздіксіз талпыныс жасауда»,-деді.

FATF қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобы өткен жұма күні Иранды қара тізімге енгізді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бұдан бұрын: «Лаңкестікке қолдау көрсететін 3 режим, яғни АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израиль Иранды FATF тізіміне енгізуді көздеп отыр»,-деп айтқан болатын.