Иранның жаһандық қаржы жүйесімен қатынасы FATF-тан тыс
Иран Орталық банкінің төрағасы сәрсенбі күні кешке Instagram әлеуметтік желісінде: «Иран FATF аясынан тыс жаһандық қаржы жүйесімен белгілі бір деңгейде санкцияға ұшырамайтын қатынас орната алды»,-деп жазды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдул Насер Хеммати Иран Орталық банкінің дұшпандардың FATF-тың шешімі негізінде Иран экономикасына соққы беріп, нарықты тұрақсыздандыру үшін тудырған психологиялық кеңістігімен күресіп жатқанына тоқталып: «ИИР-ның Орталық банкі экономиканың басқа бөлімдерінің қолдауымен Иранның сауда қажеттіліктерін жеңілдету үшін үздіксіз талпыныс жасауда»,-деді.
FATF қаржылық іс-қимыл бойынша жұмыс тобы өткен жұма күні Иранды қара тізімге енгізді.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бұдан бұрын: «Лаңкестікке қолдау көрсететін 3 режим, яғни АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израиль Иранды FATF тізіміне енгізуді көздеп отыр»,-деп айтқан болатын.