АҚШ Иран халқына жанашырлық нышанын көрсетті
Иран халқын қысымға алу үшін бәрін жасаған АҚШ үкіметі осы жолы коронавирустың таралғанын жарнамалық мұрсат ретінде пайдаланып, ирандықтарды қолдайтынын білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ үкіметі кеше, бейсенбі күні (27 ақпанда) Иранның Орталық банкіне кейбір гуманитарлық амалдар атқаруға рұқсат бергенін мәлімдеді.
АҚШ Қаржы министрлігі бұл шараның Швейцарияның Иранға гуманитарлық тауарлар жіберу үшін құрған қаржы желілеріне ресми сипат беру үшін жасалғанын айтты.
АҚШ Қаржы министрлігі бұл желінің 27 ақпаннан бастап іске қосылып, Иранға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен негізгі заттарды жіберуге рұқсат беретінін айтты.
АҚШ үкіметі өткен айларда азық-түлік пен дәрі-дәрмек компанияларының Иранмен қарым-қатынасына кедергі жасап, бұл елге, әсіресе жер сілкінісі болған өңірлерге гуманитарлық көмектің жіберілуінің алдын алғаны үшін сан рет сынға алынды.