Кремль: Идлибтегі Түркия әскерилері бақылау посттарының сыртында өлді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45717-Кремль_Идлибтегі_Түркия_әскерилері_бақылау_посттарының_сыртында_өлді
Кремль баспасөз хатшысы Идлибтегі Түркия әскерилерінің бақылау посттарының сыртында өлгендерін жариялап: «Олар посттарынан шықпаулары керек еді»,- деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 29, 2020 15:12 Asia/Almaty
  • Кремль: Идлибтегі Түркия әскерилері бақылау посттарының сыртында өлді

Кремль баспасөз хатшысы Идлибтегі Түркия әскерилерінің бақылау посттарының сыртында өлгендерін жариялап: «Олар посттарынан шықпаулары керек еді»,- деп қуаттады.

RT (Russia Today) телеарнасының мәліметінше,   Дмитрий Песков кеше   баспасөз отырысында бейсенбіде Идлибте лаңкестікке қарсы операция кезінде  түрік әскерлерінің өлімі немесе жаралануы туралы тоқталып: «Анкара әскерилерінің бақылау посттарынан сыртында, Идлибте қақтығыстар азайған аймақта, лаңкестер жиналған жерде болғандары жөнінде хабарламады. Түркия әскерилері Идлибте Орта Азия елдері лаңкестерінің ортасына баруға емес, қарулы лаңкестерді бақылап, олардың лаңкестік әрекеттерінің алдын алуға міндетті болды»,- деді.

Түркияның 33 әскериі бейсенбі кешке Сирия армиясының Идлиб облысындағы лаңкестерге қарсы әуе шабуылында өлді.