Вашингтонда бір адам коронавирустан қайтыс болды
АҚШ-тың Вашингтон штатында бір адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланғаннан кейін бұл штатта төтенше жағдай жарияланды.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли бұл штатта бір адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланғаннан кейін төтенше жағдай жариялады.
Вашингтонның Денсаулық сақтау департаменті осы штатта сенбі күні бір адамның коронавирустан қайтыс болғанын растап, оған жасалған ем-домның әсерсіз болғанын айтты.
АҚШ басшылары елде коронавирусқа шалдыққандардың ресми санын жариялаудан бас тартып отыр.
Осы жағдайда Иран халқына санкция салуда жан аяп қалмаған АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйдің Теһран өтініш жасаған жағдайда Иранға көмектесуге, әсіресе коронавируспен күресуге жәрдемдесуге дайын екенін айтты.