Коронавирус – бірлесе әрекет етуді қажет ететін жаһандық мәселе
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45731-Коронавирус_бірлесе_әрекет_етуді_қажет_ететін_жаһандық_мәселе
«Бүгінде коронавирус бір жаһандық мәселеге айналды. Әлемнің барлық халықтары мен үкіметтері бірлесіп, бір-біріне көмектесіп, бұл мәселені тез арада шешуі керек».
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 01, 2020 19:18 Asia/Almaty
  • Коронавирус – бірлесе әрекет етуді қажет ететін жаһандық мәселе

«Бүгінде коронавирус бір жаһандық мәселеге айналды. Әлемнің барлық халықтары мен үкіметтері бірлесіп, бір-біріне көмектесіп, бұл мәселені тез арада шешуі керек».

ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд Але Санимен телефон арқылы сұхбатында бірлесе әрекет ету қажеттігін айтып: «Аймақ елдерінің барлығымен медицина саласында екіжақты және аймақтық әріптестіктерді дамытуға мүдделіміз. Бұл вирустан ешбір ел аман қалмайтын сияқты. Бұл мәселені шешу үшін бәріміз бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, жәрдем беруіміз керек»,-деп еске салды.

COVID-19 2019 жылдың 12 желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Коронавирус пайда болғаны туралы ақпарат тараған кезде бұл вирус аз уақыттың ішінде көптеген шекаралардан асып кетеді дегенге сену қиын болатын. Вирус шыққан жерінде тез арада жойылады деп ойладық. Уақыт өте келе вирустың басқа қыры ашылды. Қазір елдер бірінің артынан бірі әртүрлі статистикалық мәліметтер таратып жатыр. Олардың ортақ нүктесі коронавирусқа шалдығу жайттарын мойындау болды. Қазір COVID-19 вирусы 60-тан аса елде таралды. Вирус жұқтырғандардың саны күннен күнге артуда. Басқа сөзбен айтқанда, коронавирус бүгінде жаһандық майданға айналды.

Қытайда осы вирустың белгілері байқалған кезде АҚШ бұған экономикалық серпіліс жасау және Қытайға экономикалық соққы беру мұрсаты ретінде қарады. Қазіргі таңда АҚШ-та вирусқа шалдығу жайттары мәлім болған соң Чикаго мен Нью-Йорктегі биржаларда көрсеткіштер құны түсіп кетті. АҚШ үкіметі ақпаратты жасыруға тырысса да, АҚШ халқын вирустың алдын алуға қажетті заттардың, соның ішінде дезинфекциялық заттар мен масканың тапшылығы алаңдатып отыр.

Мұндай жағдай Еуропа елдері, соның ішінде Италия, Франция мен Ұлыбританияда да қалыптасқан.  

Бұл оқиғалардың бір ортақ жолдауы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ирандағы өкілі доктор Кристоф Хамелман бұл туралы: «Иран бұл мәселеге ұрынған жалғыз ел емес. Жуырда көптеген елдер бұл түйткілмен бетпе-бет келетін болады»,-деді.

Коронавирустың таралғанын жасыруға тырысатын немесе басқа бір елді  айыптайтын елдер өздерін бұл вирустан құтқаруға және әлемдік деңгейде оның тамырын жоюға көмектесе алмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мойындауынша, Иранның медициналық жүйесі аймақ деңгейінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мықты да тиімді. Иран үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен коронавируспен күрес жолындағы әріптестігін бар қарым-қабілетімен жалғастырады.