Зариф: Ауғанстандағы 19 жылдық миссиядан кейін АҚШ тізе бүкті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45740-Зариф_Ауғанстандағы_19_жылдық_миссиядан_кейін_АҚШ_тізе_бүкті
ИИР Сыртқы істер министрі жексенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ пен Талибан тобы арасында бейбіт келісімге қол қойылғанына тоқталып: «19 жыл өткен соң АҚШ Ауғанстанда өзінің жеңіліс тапқанын мойындады»,-деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 02, 2020 12:19 Asia/Almaty
  • Зариф: Ауғанстандағы 19 жылдық миссиядан кейін АҚШ тізе бүкті

ИИР Сыртқы істер министрі жексенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ пен Талибан тобы арасында бейбіт келісімге қол қойылғанына тоқталып: «19 жыл өткен соң АҚШ Ауғанстанда өзінің жеңіліс тапқанын мойындады»,-деп жазды.

Fars ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф америкалықтардың ешқашан Ауғанстанға шабуыл жасамағаны дұрыс еді деп айтып: «АҚШ-тың Ауғанстан, Сирия, Ирак пен Йемендегі мәселесі бір»,-деді.

Зариф: «АҚШ аймақтан шығады, бірақ артынан үлкен бір қиранды қалады»,-деп жазды.

Бір жылдық шағын келіссөздерден кейін сенбі күні кешке АҚШ пен Талибан тобы Катардың астанасы Дохада Ауғанстанда соғысты тоқтату үшін бейбіт келісімге қол қойды.

АҚШ пен оның одақтастары 2001 жылы Ауғанстанда лаңкестікпен күресіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сылтауымен бұл елге шабуыл жасап, сол заманнан бүгінге дейін елде тынышсыздық ушығып, лаңкестік әрекеттер артып, есірткі заттарын өндіру артты.