Иран СІМ-нің АҚШ пен Талибан тобы қол қойған келісімге реакциясы
«Иран Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа көмектесетін және ауған үкіметінің жетекшілігімен жасалатын кез-келген талпынысты қолдайды».
Иран СІМ АҚШ пен Талибан тобы қол қойған келісімге реакциясында жексенбі күні мәлімдеме жасап: «Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік келісіміне тек осы елдің саяси топтарының қатысуымен ауғандықтардың өзара диалогы арқылы ғана қол жеткізуге болады»,-деді.
Бұл мәлімдемеде Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған ірі стратегияларды сараптауда басты маңыздылыққа ие екі жайт айтылған:
Бірінші жайт: Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізуге қажетті фактор – шетелдік күштерді шығару. Бұл тұрғыдан мәлімдемеде «шетелдік күштердің шығарылуына жағдай жасайтын кез-келген шара бұл елде бейбітшілік орнатуға көмектеседі» айтылған.
Екінші жайт – АҚШ-тың осы достық сыңай танытуынан көздейтін мақсаты.
Осы екі жайтты назарға ала отырып, Иран СІМ Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікке жету үшін қорытынды шешім жолын еске салып: «БҰҰ ауғандықтар арасындағы келіссөздерді жеңілдетуге және келісімдердің орындалуын бақылап, кепілдік етуге қажетті әлеуеттерге ие»,-деді.
Осыған орай ИИР Ауғанстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрмет білдіре отырып, бұл елде көршілес елдермен достық әрі бауырластық қатынас жүргізетін үкімет билік басына келіп, лаңкестіктің тамырын жоятынына үміт білдірді.
Батыс Азия он жылдан аса уақыт бойы АҚШ-тың ішкі іске араласушы сахнасына айналды. АҚШ аймақты бөлшектеу жобаларын жоспарлап, әл-Каида сияқты лаңкестік топтарды құрып, ДАИШ пен басқа лаңкестік топтарды қолдап, аймақтың саяси-қауіпсіздік теңгерімін өзгертіп, аймақ елдеріне өз гегемониясын таңуға тырысты. Бұл әрекеттерді АҚШ-тың Ауғанстанға басып кіріп, 18 жыл болуынан көруге болады. Соның салдарынан бұл елде лаңкестік кеңінен жайылып, есірткі заттарын өндіру бірнеше жүз есе артты.
ИИР бұл үдерістерге бейжай қарай алмайды. Өйткені аймақтың қауіпсіздігіне өзінің қауіпсіздігіндей қатты маңыздылық береді. Сол себепті Иранның Ауғанстандағы бейбітшілік келіссөздеріне қатысты саясаты елдегі барлық топтардың дұрыс үдерісте халықтың дауысына негізделген сайлау арқылы билікте үлес алып, елді басқаруға араласу жолына негізделген.
Тәжірибе көрсеткендей, АҚШ Ауғанстанда бейбітшілік орнатуда сенімді тарап емес. Бұл елдің әскерилері кетпейінше аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнамайды.