Қырғызстан Дүниежүзілік сауда ұйымында Қазақстанды сынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45785-Қырғызстан_Дүниежүзілік_сауда_ұйымында_Қазақстанды_сынады
Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тұрақты өкілі Қазақстанмен ортақ шекараларда қалыптасқан шектеулерді сынға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 05, 2020 16:48 Asia/Almaty
  • Қырғызстан Дүниежүзілік сауда ұйымында Қазақстанды сынады

Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тұрақты өкілі Қазақстанмен ортақ шекараларда қалыптасқан шектеулерді сынға алды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Данияр Мукашев Женева қаласында осы ұйымның Бас ассамблеясының ашық отырысында: «Қазақстан үкіметі Қырғызстанмен ортақ шекаралық бекеттерде әртүрлі шектеулер тудырып, тауар транзиті мен жүк көліктерінің қатынасына қатысты халықаралық сауда ережелерін бұзып отыр»,-деді.

Мукашев: «Ресми статистика бойынша, Қырғызстанның 2018 жылдағы экспорты 270 млн доллар болды. 2019 жылы бұл көрсеткіш 24,4 пайызға төмендеді»,-деді.  

Ол: «Мұнымен қоса, 2018 жылы 93 мыңнан аса жүк көлігі «Ақтілек» шекара бекетінен өтті. Ал 2019 жылы жүк көлігінің саны 73 мың болып, 22 пайызға азайды»,-деді.

Мукашев: «Қырғызстан Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымының заңдарын сақтауға шақырады. Егер Нұр-Сұлтан шектеулерді алып тастамаса, Бішкек осы ұйымға шағым түсіретін болады»,-деді.