Түркия мен Ресей Идлибте атысты тоқтатуға келісті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45793-Түркия_мен_Ресей_Идлибте_атысты_тоқтатуға_келісті
Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Сирияның солтүстігіндегі Идлиб облысындағы шиеленіс жөніндегі 3 сағат келіссөздерінен кейін бұл облыстағы атысты тоқтатуға келісті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 06, 2020 12:16 Asia/Almaty
  • Түркия мен Ресей Идлибте атысты тоқтатуға келісті

Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Сирияның солтүстігіндегі Идлиб облысындағы шиеленіс жөніндегі 3 сағат келіссөздерінен кейін бұл облыстағы атысты тоқтатуға келісті.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Путин Эрдоғанмен өткізген келіссөзінен кейінгі ортақ баспасөз отырысында екі жақтың Сирияның Идлиб облысындағы атысты тоқтатуға келіскендерін жариялады. Эрдоған да бұл баспасөз отырысында Идлиб облысындағы атысты тоқтату 6 наурыз жұма күнінің 00:01 сағатында басталатынын хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың жариялауынша, екі жақ бұл кездесуде Сирияның территориялық тұтастығын сақтап қалу және бұл елдегі дағдарыстың алдын алуды қуаттады.