Америкалық басшылар денсаулық сақтау мәселесіне немқұрайлы қарайды
Нау 08, 2020 10:58 Asia/Almaty
Коронавирус таралып жатқан шақта америкалық басшылардың денсаулық сақтау мәселесіне немқұрайлы қарауы әлеуметтік желілерде көп талқылануда. АҚШ-тағы Калифорния штатының Санта-Клара ауданының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сара Куди бір баспасөз конференциясында сөз сөйлеу барысында коронавирустың алдын алу үшін қолды бетке тигізбеу керектігін айтып тұрып, саусағын тіліне тигізіп сулап, қағаз бетін қайырды. Бұл видеоны осы күнге дейін 5,6 млн адам тамашалады.