Иран АҚШ-тың коронавируспен күресудегі алдамшы әрекеттерін сынады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық саясаткерлердің осы ел үкіметін коронавируспен күресудегі амалдары үшін сынағанына тоқталып, Ақ үйдің алдамшы әрекеттер жасап жатқанын айтты.
Америкалық саясаткерлердің АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның алдында осы ел үкіметінің коронавируспен күрестегі амалдарын сынаған фильмі таралғаннан кейін Сейіт Аббас Мусави сенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Вашингтон басшыларына: «Екі саусағыңызды біреуге бағыттап, айып таққан кезде қалған үшеуінің өзіңізге қарап тұрғанын ұмытпаңыздар»,-деп жазды.
Мусави: «Өтірік, екіжүзділік пен қате басқаруға ұшыраған үкімет қана адамзатты қорғап, коронавирустың әлемге таралмауы үшін жанпидалық жасап жатқан ирандықтарға негізсіз айыптар тағады»,-деді.
Помпео жуырда негізсіз уәждер айтып: «Вашингтон Иранның коронавирустың таралуы туралы мәліметтерді жасыруына қатты алаңдап отыр»,-деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұл сөздері елде үкіметтің коронавирусқа қатысты амалдарына алаңдаушылықтар артқан жағдайда айтылып отыр.