Путин Ердоғанмен кездесуге 2 минут кешігіп келді
Нау 09, 2020 12:55 Asia/Almaty
Ресейдің мемлекеттік телеарнасы осы ел Президенті Владимир Путиннің өткен аптада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуге 2 минут кешігіп келгенін көрсетті.
Кейбір сарапшылар Путиннің бұл әрекетін оның Ердоғанға немқұрайлы қарауы деп бағалады. Ең қызығы, орыстар Путин мен Ердоғанның кездесуін өткізу үшін Екатерина II-нің мүсіні тұрған залды таңдап, Түркия делегациясына Ресей империясының Осман империясымен соғысындағы жеңісті күндерін еске салды.