Белгісіз келешек: АҚШ сарбаздарының Ауғанстаннан шығуы басталды
(last modified Tue, 10 Mar 2020 15:06:50 GMT )
Нау 10, 2020 21:06 Asia/Almaty
  • Белгісіз келешек: АҚШ сарбаздарының Ауғанстаннан шығуы басталды

АҚШ әскери күштерін Ауғанстаннан шығару Дональд Трамптың сайлау науқаны кезіндегі уәделерінің бірі болды.

 

Ол өзінің бұл уәдесін іске асыру үшін тіпті талибандармен келіссөздер жүргізуге дайындығын жариялап, нәтижесінде Дохада талибандар мен АҚШ арасында келісімге қол қойылды. Бұл келісімнің маңызды баптарының бірі америкалық сарбаздарды бірте-бірте Ауғанстаннан шығару болды. Бұл салада Ауғанстандағы АҚШ  күштерінің қолбасшысы сенбі, 10 наурызда Вашингтон мен талибандар арасындағы келісім бойынша, бұл елдегі америкалық сарбаздар санының азайғанын хабарлады.   Тарибандар аарсындағы келісім бойынша, америкалық күштердің 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін Ауғанстаннан шығуға уақыты болғанымен, Вашингтон өз күштерін бұл елден шығаруын бастады.  Ауғанстандағы АҚШ күштерінің (USFOR-A) баспасөз хатшысы Сони Легет: «АҚШ пен Ауғанстанның ортақ мәлімдемесі және талибандар мен АҚШ арасындағы келісім бойынша, 135 күннің ішінде Вашигтонның күштерін шығарып, 8600 адамға жеткізу үдеріс басталды»,- деп жариялады. Осы кезде Ауғанстанда 13000 америкалық әскери орналасуда. Бұл мәлімдеме бойынша, Ауғанстандағы америкалық күштер әл-Қаида мен ДАИШ-ке қарсы әрекеттену және бұл елдің қорғаныс күштері мен ұлттық қауіпсіздігін қолдау масқаттарын сақап қалады.

АҚШ пен талибандар арасындағы келісімге 2 жылдық талпыныстар мен 11 келіссөзден кейін 2020 жылдың 29 ақпанында аймақ пен әлемнің бірқатар елдері басшыларының қатысуымен Қаатр астанасы Дохада қол қойылды. Бұл келісім бойынша, 10 наурызға дейін Ауғанстан топтары арасында келіссөздер басталуы керек. Алайда, Ауғанстандағы соңғы саяси оқиғалар бұл келіссөздердің жүзеге асырылуын белгісіздік жағдайында қалдырды. 9 наурызда бұрын-сонды болмаған оқиға орын алып, Ауғанстанның президенттік сайлауының екі үміткері Мұхаммад Ашраф Ғани мен Абдолла Абдолла жеке түрде жақтастары, жергілікті және шетелдік әртүрлі тұлғалардың қатысуымен ұлықтау рәсімін өткізді. Бұл мәселе Ауғанстанның орталық үкіметінде үлкен қайшылық тудырды. Бұл мәселе Трамп үкіметінің талибандар арасындағы келісімнің келешегін белгісіздікке тіреуіне байланысты алаңдаушылықтарына себеп болды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 10 наурызда Кабулдағы саяси өзгерістерге назар аударып: «Біз қатарлас үкіметтің құрылуына және саяси қайшылықтарды шешу үшін күшті пайдалануға қарсымыз»,- деп жариялады. Сондықтан «Вашингтонның Ауғанстанның екі жоғары шенеуініктің  біреуін уәждерін шетке қойып, билікті екіншісіне тапсыруға көндіруге күші жетеді ме?» деген сұрақ туындайды. Кабулдағы қазіргі саяси қайшыылқтар жалғасатын жағдайда, АҚШ пен талибандар келісімінің келешегі мен оның іске асырылуы көптеген түсініксіздіктерге тіреледі.

Тегтер