Помпео Иракта «әл-Таджи» базасына жасалған шабуылға пікір білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45876-Помпео_Иракта_әл_Таджи_базасына_жасалған_шабуылға_пікір_білдірді
АҚШ мемлекеттік хатшысы топтар немесе адамдардан Иракта «әл-Таджи» базасына жасалған шабуылға жауап берулерін сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 12, 2020 15:04 Asia/Almaty
  • Помпео Иракта «әл-Таджи» базасына жасалған шабуылға пікір білдірді

АҚШ мемлекеттік хатшысы топтар немесе адамдардан Иракта «әл-Таджи» базасына жасалған шабуылға жауап берулерін сұрады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео бейсенбі күні Twitter-де: «Иракта «әл-Таджи» әскери базасына жасалған шабуыл жауапсыз қалмайды»,-деп жазды.

Осы жазбаға сәйкес, Майк Помпео мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Роб шабуыл жасаушыларды жауапқа тартуға келісті.

Мәліметтер бойынша, өткен түні Иракта «әл-Таджи» базасына зымырандық шабуыл жасалғаннан кейін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы телефон арқылы сұхбаттасты. Бұл шабуылда бір британ сарбазы мен екі америкалық сарбаз қаза тауып, 12 адам жараланды.