АҚШ ешбір құжатсыз Иранға қарсы айыптарын қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45904-АҚШ_ешбір_құжатсыз_Иранға_қарсы_айыптарын_қайталады
АҚШ Мемлекеттік департаменті 2019 жылға қатысты адам құқығы туралы жыл сайынғы мәлімдемесінде ешбір құжатсыз Иранға қарсы айыптарын қайталады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 14, 2020 17:43 Asia/Almaty
  • АҚШ ешбір құжатсыз Иранға қарсы айыптарын қайталады

АҚШ Мемлекеттік департаменті 2019 жылға қатысты адам құқығы туралы жыл сайынғы мәлімдемесінде ешбір құжатсыз Иранға қарсы айыптарын қайталады.

Бұл мәлімдемеде АҚШ Мемлекеттік департаменті Теһранды әйелдер мен аз сандылар құқыларын бұзуы және оппозицияны басып-жаншуымен айыптады. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусави АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ирандағы адам құқығы жағдайы жөніндегі мәлімдемесіне реакция білдіріп, АҚШ режимінің адам құқығы туралы сөйлейтін саяси, құқық және ахлақи құқы жоқ деп тапты. АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні АҚШ Президентінің нәсілшілдік, діни кемсітушілік, әйелдерді құрал ретінде  пайдалану туралы сөздері, сондай-ақ балаларды өлтіруші саудиялық және адамзатқа қарсы сионистік режимді қолдауы сынды кейбір әрекеттеріне тоқталып: «Мұндай режим басқа елдер үшін адам ққығы нұсқасын жазатындай жәйтте емес. АҚШ үкіметі елдің ішіндегі және сыртындағы адам құқығын бұзу және адамзатқа қарсы қылмыстарына толы тарихымен өзін басқа  елдердегі адам құығын бағалаушы деп санайды»,- деді. осыған орай заманауи әлемде АҚШ үкіметінің адамзатқа қарсы әрекеттерінің тізіміне енбеген мемлекет қалмады. Халықаралық заңдар мен негіздерге қайшы әрекеттену АҚШ үкіметінің әдетіне айналды. Қай үкіметтер адам  құқығы жөнінде уәжденеді? Адм құқығы аталмыш  үкіметтердің қолдауын қажет етеді ме?

АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы жылдарға созылған қоқан-лоққысы, саяси және әскери шабуылдары, экономикалық терроризмы мен психологиялық соғысы Ақ үйдің әр сылтаумен және әр құралды пайдаланып, ИИР-на қысым көрсетуді рұқсат деп санауын әшкереледі. АҚШ үкіметі ақпарат және психологиялық кеңістікті коронавирустың таралуын саяси наразылықтар тудыратын құрал ретінде пайдаланғысы келеді.

Иран сот жүйесі адам құқықтары жөніндегі штабының хатшысы Әли Бақери Кани БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 44-ші отырысында: «Дәрі-дәрмекке тыйым салушы мемлекеттер Адам құқықтары кеңесіне мүше бола алмайды»,- деді. Деректер АҚШ әрекеттерінің екіжүзділігін, саяси жасырулар мен халықаралық және адам құқығы саладағы кемсітушілік әрекеттерін көрсетеді.