Америкалықтардың Трамптың коронавирусқа қарсы тұру мүмкіндігіне сенімі төмендеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45943-Америкалықтардың_Трамптың_коронавирусқа_қарсы_тұру_мүмкіндігіне_сенімі_төмендеді
АҚШ-тағы соңғы сауалнама халықтың Трамп үкіметінің коронавируспен күресу қабілетіне деген сенімінің төмендегенін көрсетеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 17, 2020 15:10 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Трамптың коронавирусқа қарсы тұру мүмкіндігіне сенімі төмендеді

АҚШ-тағы соңғы сауалнама халықтың Трамп үкіметінің коронавируспен күресу қабілетіне деген сенімінің төмендегенін көрсетеді.

 

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, Gallup 2 наурыздан 13 наурызға дейінгі сауалнамасына сәйкес  американдықтардың 61 пайызы АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметінің коронавируспен күресу қабілетіне «өте» немесе «біршама» сенеді.  Статистика көрсеткендей, халықтың Трамп үкіметіне сенімі алдыңғы аймен (ақпан) салыстырғанда 16% төмендеді. Сауалнамаға сәйкес, қазір американдықтардың 60 пайызы өздері немесе отбасы мүшелерінің «өте» немесе «біршама» коронавирусқа шалдығуына алаңдаушылық білдіреді. Бұл мөлшері ақпан айында 36 пайыз болды. Сондай-ақ америкалықтардың 85 пайызының пікірінше, коронавирус  әлемдік экономикаға теріс әсер етеді деп санайды.