Қытайда коронавирустың таралуы тоқталды
Нау 19, 2020 14:50 Asia/Almaty
Қытай Денсаулық сақтау министрлігі бұл елде коронавирус (COVID-19) жұқтырудың тоқтатылғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай Денсаулық сақтау министрлігі өткен 24 сағаттың ішінде сырттан келген 34 адамнан коронавирус анықталғанын айтты.
Осы жайтты қосқанда Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80928 адам, қайтыс болғандар саны соңғы 24 сағаттың ішінде көз жұмған 8 адамды қосқанда 1245 адамға жетті.
Коронавирус әлемнің 170 еліне тарады. Вирус ең көп таралған елдер – Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Италия, Испания, Германия мен Франция.