Гутерриш халықаралық қауымдастықты коронавируспен күресте Иранмен ынтымақтастық жасауға шақырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46047-Гутерриш_халықаралық_қауымдастықты_коронавируспен_күресте_Иранмен_ынтымақтастық_жасауға_шақырды
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш ұйымның Адам құқығы жоғары комиссары Мишель Бачелеттің коронавирусқа шырмалған елдерге салынған санкциялардың күшін жою туралы мәлімдемесін толық қолдауымен бірге барлық елдерді коронавируспен күресу үшін Иранмен ынтымақтастық жасауға шақырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 25, 2020 12:47 Asia/Almaty
  • Гутерриш халықаралық қауымдастықты коронавируспен күресте Иранмен ынтымақтастық жасауға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш ұйымның Адам құқығы жоғары комиссары Мишель Бачелеттің коронавирусқа шырмалған елдерге салынған санкциялардың күшін жою туралы мәлімдемесін толық қолдауымен бірге барлық елдерді коронавируспен күресу үшін Иранмен ынтымақтастық жасауға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик сейсенбі күнгі Нью-Йорктегі баспасөз отырысында БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссарының АҚШ-тың Иран мен Венесуэлаға қарсы санкцияларының  күшін жою қажеттігі туралы сөзін қуаттап: «Гутерриш ұйымға мүше елдерден осы кезеңде Иранның талпыныстарына көмектесуді сұрады»,- деді. Дюжарик Гутерриштың Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесуіне тоқталып: «БҰҰ Бас хатшысы басқа елдермен салыстырғанда Иранға медициналық қажеттіліктерді жіберудің өте қиын екенінен толық хабардар»,- деді.