АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 2000-нан асты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46102-АҚШ_та_коронавирустан_көз_жұмғандардың_саны_2000_нан_асты
АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 2000-нан асты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 29, 2020 14:17 Asia/Almaty
  • АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 2000-нан асты

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 2000-нан асты.

Fars ақпарат агенттігінің америкалық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 122273 адамға жетіп, 2047 адам көз жұмды.

АҚШ қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан адамдар саны бойынша көш бастап тұр.

Коронавирусқа шалдыққандарды анықтауды басқа елдерден кешірек бастаған АҚШ үкіметі қазір ауру адамдардың көптігіне байланысты диагностикалық аппараттардың тапшылығына ұшырап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сейсенбі күні АҚШ-тың жақын болашақта коронавирус тарататын ошаққа айналуы ықтималын мәлімдеді.