АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 2000-нан асты
Нау 29, 2020 14:17 Asia/Almaty
АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 2000-нан асты.
Fars ақпарат агенттігінің америкалық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 122273 адамға жетіп, 2047 адам көз жұмды.
АҚШ қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан адамдар саны бойынша көш бастап тұр.
Коронавирусқа шалдыққандарды анықтауды басқа елдерден кешірек бастаған АҚШ үкіметі қазір ауру адамдардың көптігіне байланысты диагностикалық аппараттардың тапшылығына ұшырап отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сейсенбі күні АҚШ-тың жақын болашақта коронавирус тарататын ошаққа айналуы ықтималын мәлімдеді.