Трамп Иранды тағы айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i46159-Трамп_Иранды_тағы_айыптады
Коронавирустың тез таралуына байланысты дағдарысқа ұшыраған АҚШ басшысы Трамп сәрсенбі күні Иранға тағы айып тағып, қоқан-лоққы жасады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 02, 2020 13:07 Asia/Almaty
  • Трамп Иранды тағы айыптады

Коронавирустың тез таралуына байланысты дағдарысқа ұшыраған АҚШ басшысы Трамп сәрсенбі күні Иранға тағы айып тағып, қоқан-лоққы жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Twitter-дегі жазбасында ешқандай құжат келтірместен: «Иран АҚШ-тың Ирактағы әскерилері мен  нысандарына қапыда шабуыл жасауға дайындалып жатыр»,-деген уәж айтып: «Егер мұндай оқиға болса, Иран ауыр шығын төлейді»,-деп қоқан-лоққы жасады.

The New York Times газеті америкалықтардың Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің базаларына шабуыл жасау жобасын әшкерелегеннен кейін Трамп Twitter-де осылай жазды.