Трамп Иранды тағы айыптады
Сәу 02, 2020 13:07 Asia/Almaty
Коронавирустың тез таралуына байланысты дағдарысқа ұшыраған АҚШ басшысы Трамп сәрсенбі күні Иранға тағы айып тағып, қоқан-лоққы жасады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Twitter-дегі жазбасында ешқандай құжат келтірместен: «Иран АҚШ-тың Ирактағы әскерилері мен нысандарына қапыда шабуыл жасауға дайындалып жатыр»,-деген уәж айтып: «Егер мұндай оқиға болса, Иран ауыр шығын төлейді»,-деп қоқан-лоққы жасады.
The New York Times газеті америкалықтардың Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің базаларына шабуыл жасау жобасын әшкерелегеннен кейін Трамп Twitter-де осылай жазды.